Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізіп, денсаулық сақтау министрі мен үкіметке ескерту жасады.
«Алексей Владимирович, мен сізге бұған дейін осы кезеңде денсаулық сақтау министрі Үкіметтегі басты тұлға, сізде ерекше өкілеттіктер бар екенін айтқанмын. Сіз жұмысты жақсы бастадыңыз, бірақ содан кейін айналым айтарлықтай төмендеді.
Сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпесе, сізді кадрлық ауысулар қатты ренжітеді. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, жалпы Үкіметке қатысты", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастағанын айтты.
«Бұл, әрине, жағдайды одан бетер ушықтыруда. Дегенмен көптеген сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар», - деді мемлекет басшысы.