ҚР БҒМ хабарлауынша, 2021-2022 оқу жылы 1 сыныпқа 340 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады. Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды egov.kz арқылы беруге болады:
Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты»;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Фото: Inform.kz
Басып шығару