Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Алматы қаласының әуежайындағы әуе апатының салдарынан болған адам қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін», - делінген Елбасы жеделхатында.
Фото: azh.kz