13 наурыз күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы құлады.
Бортта 6 адам болғаны белгілі. Оның төртеуі оқиға орнында қаза тауып, 2 адам зардап шекті. Қайғылы оқиға Алматы қаласына Қарасты Қызылту елді мекенінің жанында болды.
«Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ. Сағат 17:20 шамасында байланыс үзілді. Бірден дабыл жарияланды. Біздің барлық қызмет сол жерге аттанды. Ұшақ жолаққа жетпестен құлап түсті», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Басып шығару