ҚР Сыртқы істер министрлігінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев, Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Сүгірбаев пен Марокко Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызының салтанатты ант беру рәсімі өтті.
Жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанның Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант етті., деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
ҚР премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді дипломаттарды құттықтап, аккредиттелген елдерімен екіжақты қатынастарды дамыту бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Басып шығару