Мемлекет басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңес жұмысының басты бағыттары және оның алдағы даму перспективалары туралы баяндалды. Бағдат Әміреев Мемлекет басшысына ұйымның алдағы уақытта өткізетін жоғары деңгейдегі іс-шараларына дайындығы туралы, Түркі кеңесінің мәртебесін толыққанды халықаралық ұйым деңгейіне дейін көтеру жөніндегі жұмыстар, Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары жайында хабарлады.
Президент Түркі инвестициялық қорын құрудың маңызды екенін атап өтті. Бұл Кеңеске мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізеді.
Фото: akorda.kz
Басып шығару