Премьер-министр Асқар Мамин «Шеврон» компаниясының Еуразиялық-Тынық мұхиты аймағында барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджелмен мұнай өндіру саласындағы жоспарларды талқылады.
Шеврон - үш ірі жобадағы активтері бар Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор. Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий Құбыр Консорциумы (15%).
Үкімет басшысы соңғы жылдары Қазақстан «Шеврон» компаниясымен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнатқанын атап өтті. Асқар Мамин жүзеге асырылып жатқан жобалардағы компанияның сатып алуларындағы жерігілікті қамту үлесін арттыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.
Отырысқа Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.