ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің бесінші отырысында ауылда баспаналар салу мәселесіне тоқталды.
Отырыста ауылдық жерде үй салу – экономикалық белсенділікті арттыруға, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ететіні айтылды. Президент ауылда баспаналар салу мәселесіне кеңінен тоқталды.
«Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап үй салса, мемлекет 50 пайыз шығынын өтеуге дайын. Бұл бастама ауылды жан-жақты дамытуға септігін тиімді. Бұл бастаманы Үкімет осы жылдың 2-ші жартыжылдығына дейін жүзеге асыру керек», - деп тапсырды Президент.