Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова көптеген баннерлер мен жарнама тақталарында тіл туралы заңның талаптары орындалмайтынын айтты. Осы орайда жауапты ведомство заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді көздеп, Мәжіліс қарауына ұсынды.
Құжатта мәтінді орфография нормаларына сай жазу, оның түпнұсқа аудармасы мен мағынасын сақтау нормалары қарастырылған. Депутаттар заң жобасын бірінші оқылым барысында мақұлдады.
Басып шығару