Нұр-Сұлтан тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын ұзартты.
«Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты», - деді адвокат Дмитрий Куряченко.
Экс-министрдің адвокаты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біртановты заңсыз қудалау ісін реттеуге өтініш жазғанын» да айтты.
Еске салайық, Біртанов 2020 жылы 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Оның ұсталғаны 3 қарашада анықталды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.
Басып шығару