Қазақстандықтар Telegram желісінде халық санағы COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқандарды есептеу және оларды күшпен егу үшін қажет дегенді айтты. Шындығында, халық санағы пандемияға дейін жоспарланып қойған және онымен ешқандай байланысы жоқ. Бұл туралы StopFake.kz жазды.
Елімізде халық санағы 10 жылда бір рет өтеді. Алғаш рет 1999 жылы 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында ұйымдастырылған. Кейін 2009 жылы ақпанда өтті. Келесі халық санағы 2019 жылға белгінген еді, бірақ процесті ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты ол кейінге қалдырылды.
2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сай, ҚР кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға» құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан хабардар түрде бас тартуға құқығы бар.
«Демек, Қазақстандағы халық санағы мен COVID-19-ға қарсы вакцинацияның байланысы - Қазнет пайдаланушыларының қиялы ғана», - делінген StopFake хабарламасында.