Mazir
10 фев 13:38korilim:745 Sayasat / Qazaqstan

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгереді


Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін өзгерту жоспарланып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрайымы Анар Жайылғанова хабарлады. Жайылғанованың айтуынша, 2020 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке кірудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Президент бастаманы қолдағанын да айтты. 

«Аталған тәсілдерді еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенге дейін (2021 жылдың 1 шілдесіне дейін - автор.) пилот режимде апробациялау жоспарланды. Жалпы алғанда, тәсілдер мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін және факторлық-балдық межені синхрондауды көздейді, іріктеу құралдары қайта қаралды. Бұл ретте процестің үш сатылығы сақталды: тестілеу, білігін бағалау, әңгімелесу. Айтылған өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамын күшейтуге ықпал етеді», - деді Анар Жайылғанова агенттіктің алқа отырысында.

Агенттік басшысы 2020 жылы жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеуді көздейтін жарлық қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл талаптарға тиісті білім, жұмыс тәжірибесі мен құзыреттілігі кіреді.    

«Кәсіби даярлық сапасын қамтамасыз ету үшін агенттік жанындағы Үйлестіру кеңесі мемлекеттік қызметшілердің білігін арттыру бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізімін жасайды. Сонымен қатар, 2020 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен білігін арттырудың құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі бекітілді», - деп толықтырды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрайымы.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15