Mazir
04 фев 17:10korilim:2 318 Sayasat

Айдос Сарым: Бұл сайлау бұрынғы сайлауларға қарағанда әділ өтті


Мәжілістің жуырда сайланған депутаты Айдос Сарым журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, биылғы ҚР парламенті Мәжілісінің сайлауы бұрынғы сайлауларға қарағанда әділ өткенін мәлімдеді. 
«Сайлау бұрынғы сайлауларға қарағанда технологиялық, есептеу және басқа факторлар бойынша әділ өтті. Бұрын біз сайлаудың дерегін ала алмаушы едік. Бұл сайлауда екінші күні-ақ барлық дерек деңгей-деңгей бойынша жарияланды. Бұл жолы биліктің механикаға жүгіруге, жұртты қыспаққа алуға қажеттілігі де болмады. Өз электоратын оятып, өзін қолдайтын дәстүрлі электоратқа стимул бере отырып, оларды сайлауға алып келді. Демек, биылғы сайлау әділ өтті», - деді ол. 
Сондай-ақ, саясаттынущы өзін «сатқын» деп айыптағандарға жауап берді. 
«Сатқындық жасады» дегенді мен қабылдай алмаймын. Шәкірттің де өсетіні болады, ешбір шәкірт мектепте қалмайды. Сатқындық дегенге келер болсақ, бір Мәжілістің өзінде Алтекеңнің қанша досы, қанша шәкірті отыр. Біздің замандастарымыз. Сонда бұл әңгіме неге тек маған ғана айтылады? Әңгіменің адалдығы қайда?» - деді ол. 
«11 ақпан сіз үшін қандай күн?» деген сұраққа А.Сарым «қаралы күн» деп жауап берді.
«Дәл қазір Алтынбек Сәрсенбайұлы тірі болса, сіздің билік партиясы құрамына кіріп, билікке келгеніңізге не айтар еді? Тағы да кешірім сұрар ма едіңіз», - деген журналист сұрағына Айдос Сарым:
«Алтекең тірі болса қазір кем дегенде бір партияның басшысы болып отыратын еді. Егер сіз 2006 жылы жазған үлкен сұхбаттарын қарасаңыз, осы менің бүгінгі айтқан нәрселерім айтылған. Ұтылдың ба, онда ұзақ мерзімді жұмысқа дайын болу керек», - деп жауап берді. 
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15