Mazir
02 фев 13:40korilim:655 Sayasat / Qazaqstan

Зейнетақы жинағын алу: 212 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлданды

Қазақстандықтардың 212,6 миллиард теңгеге зейнетақы жинағын алуға берген өтінімдері мақұлданды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов мәлімдеді.

«25-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ-ға 52 мыңнан аса өтінім келіп түсті, оның ішінде 212 миллиард теңгеге 38 389 өтінім немесе өтінімдердің жалпы санының 70 пайызы өңдеуге қабылданды. Төленетін орташа сома 5,5 миллион теңге.

28 қаңтардан бастап БЖЗҚ-ға "Қазақстан Халық банк" уәкілетті операторынан өтінімдер түсе бастады. Үш күн ішінде 28-30 қаңтар аралығында БЖЗҚ 132 өтінім жіберді, оның ішінде жалпы сомасы 510 миллион теңгеге жуық 118 өтінім немесе 89 пайызы өңдеуге қабылданды. Төленетін орташа сома 4,3 миллион теңге болды», - деді Құрманов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау басталғаннан бері 30 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ жалпы сомасы 212,6 миллиард теңгеге 38 507 өтінімді алдын ала мақұлдады және өңдеуге қабылдады. Құрманов өтінімдерді қабылдамау себептерін айтты.

«Негізгі себеп: салымшылар өтініште алуға болатын қол жетімді сомадан асыра көрсетеді. Өтінішті қабылдамаудың 13 пайызы сұралып отырған сомалар бұрын өңдеуге қабылданған өтініштерде ескерілген алуға қолжетімді сомадан асып түсуіне байланысты. Бұдан басқа, қайталанған өтінімдер болды, жекелеген өтінімдер БЖЗҚ-да жинақтары жоқ салымшылардан түскен. Сондай-ақ, дұрыс рәсімделмеген басқа да өтінімдер болды», - деп түсіндірді ол.

Құрманов салымшылардан өтініште көрсетілген ақпаратты мұқият тексеруді сұрады.

«Кеше, «Отбасы банктен» өтінімдер қабылданғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні, яғни 5 жұмыс күні өткеннен кейін БЖЗҚ 25 қаңтарда келіп түскен өтінімдер бойынша төлемдер жүргізе бастады және салымшылардың 8 454 өтінімі бойынша шамамен 49 миллиард теңге «Отбасы банке» арнайы шоттарға берілді», - деді ол.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15