Mazir
29 янв 11:08korilim:2 198 Sayasat

И.Тасмағамбетов пен А.Райымқұлова белгілі әншіге көмек көрсетті


Өткен жылдың қараша айында Ерлан Төлеутайдың көзі көрмей, ауыр халде, шарасыз күйде отыр екен деген ақпарат тарады. Халық бұл ақпаратқа үрке қарап, бірқатар азаматтар көмек қолын созу мақсатныдағы акциялар жүргізе бастады. 

Бірақ уақыт тығыз еді. Ота 7 желтоқсан күні Мәскеуде жасалуы тиіс. Құны – 3 миллион теңге. Егер белгіленген уақыт кешіксе, науқастың зағип болып қалу ықтималдылығы өте жоғары еді. 

Құдай қарасып, Ерлан Төлеутай Мәскеуде ота жасатып, жағдайы жақсарды. Елге оралып, өзін қолдаған халқына және Мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовке, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға алғысын білдірді. 
Ерлан Төлеутайдың алғыс білдірген жазбасының толық мәтіні: 
«Ауыр күндер артта қалды. Мәскеуден Қырғызстанға ұшып келдік. Ондағы жергілікті қазақтар ыстық ықыласпен құрметтеп күтіп алып қонақ қылып, келесі күні Қазақстан шекарасына дейін шығарып салды..Осылайша елге жетіп, есімізді жиып жатқан жайымыз бар. 
Көзім көрмей қалғалы оқу рахаты, жазу бақыты деген нығметтерден ажырап қалдым емес пе, содан бері әлеуметтік желілерге ештеңе жаза алмағандықтан, қара күз – қарашадан бері ФБ парақшам өлген адамдікіндей қаңырап бос тұрды. Енді міне, бүгін өз көзіммен, өз қолыммен сіздерге жай күйімді баян қылып жазып отырған жайым бар. Бұдан артық бақыт бар ма,  айтыңыздаршы!?
....Сөйтіп,  қос жанарым қараша айының басында сыр бере бастап, небәрі бір аптаның ішінде зағип болып қалдым. Әуелде дүние дидары күн сайын бірте-бірте  күңгірт тартып солғындана берді де, бір сәтте біреулер ту сыртымнан терең құзға қапыда итеріп жібергендей, қара түнекке сүңгіп кеттім. Сол сәт дүние төңкеріліп түсті. Дәрігерлердің қойған диагнозы да ауыр үкімге кескендей аса қатал болды.
Алғашқыда есеңгіреп қалдым. Түнімен ұйықтамай төсегімнің шетінде шоқиып отыратын болдым. Әлеммен байланыс үзілген. Біз – Дүние Жарықпен көз арқылы қатысады екенбіз ғой. Көз болмаса тіршілік мәнін жоғалтады, болмыс маңызынан айырылады, кеңістікте құн қалмайды екен. Дүние Жарық – көз арқылы ғана ұлы мәнге ие екен. Айналамды қара мұнарлы түнек басқанда осыны жан тәніммен ұққан мен бар күшімді жан дәрмен жанарымды құтқаруға жұмылдыру керектігін түйсіндім.
... Осылайша, көз үшін күрес басталды. Алматыда басталған шұғыл ота Мәскеудегі аса күрделі, ауыр операцияларға ұласты. Нәтижесінде мен Қара Түнектен Жарық Дүниеге оралдым. Әрине көз жанарым бұрынғыдай көрмейді, мәскеулік дәрігерлердің айтуынша енді оны ешбір технология ешқашандай шебер хирург қалпына келтіре алмайды. Әйтсе де, қазір өзім оқи алатын, өзім жаза алатын халге жеттім. Бұл әрине мен үшін зор бақыт һәм қуаныш! 
Айтары жоқ, бұл айлар менің өмірімдегі ең ауыр кезеңдердің бірі болды десем, артық айтпағаным. Осы бір азапты күндерде күллі өмірім кино лентасындай көз алдымда зыр қағып өтіп жатты. Қара түнекке қамалып отырған күндер ішінде жарты ғасырлық ғұмырымды қайта безбендедім, қайыра таразыладым. 
Адамның көзі көрмегенде көкірек көзі ашыла ма, қалай, көп нәрсені басқаша бағамдап, түйсінеді екенсің. Бәлкім бұл сынақты Тәңірі Тағала әдейі жіберген шығар, бір сәт күллі ғұмырын қайта парақтасын, шолып шықсын, тіршілігінің мәнін ұқсын,  өмірінің мақсат мұратына қайыра бір үңілсін деп. Осының айғағындай сол бір ауыр күндері санамның сонау алыс түкпірлерінде алапат жарылыстар дүмпіп, жүрегімде жойқын жанартаулар атқылап жатты. 
Осындай сәттерде мен іштей ширығып Тәңірге шағындым: "Жаратқан ием, арманым көп еді, мақсат-мұратым айқын еді, ұзақ жылдар кедір-бұдыр, қия-құз жартасты бұралаң жол шегіп, таяуда ғана өзің дарытқан өнердің өзіме тиесілі даңғыл соқпағына енді ғана түскендей едім,  өзімді бәйгеден қара үзіп келе жатқан дара жүйріктей сезініп, бауырымды барынша кең жазып,  шабысымды енді түзеп, еркін көсіле самғай бастағанда Батыраштың балтасындай сарт еткен бұл кеселге қайдан жолықтым, қалай тап болдым? Әу бастан, өзің бала кезден сездірткен, пешенеме жазған өнерпаздық мұратым бар емес  пе еді, соған жеткіз, соны тасқа басып кетуге мұрсат ет!", – деп арыз арманымды айтумен болдым төсегімнің шетінде шарасыз шоқиып отырып. Құдай Тағала бұл арызымды естіді һәм қабыл алды білем,, айтқандай сол күндерде Тәңірдің аянындай ғажайып, мөлдір түстер көрдім, Тіпті бұл түстерімді бойында қасиеті бар бір ағам оң жорып беріп, көңілімді демеді. 
Осылайша, Мәскеуге аттанатын болдым. Ондағы көз мамандары отаның өте күрделі екенін әрі қымбатқа түсетінін күні бұрын ескертті және жол пұлы басқа да шығындарға қомақты қаржы керек болды. Осы тұста бармағымды тістеледім.  Оның себебі – дүниемен әуелден дос емес едім, ақша дегенді әншейін түрлі түсті қағаз ретінде ғана көруші едім.
Боқ дүниемен осылайша араз едім, оны төбеме шығармаймын деп әу баста серт берген едім. Қу дүниенің атасы байлық, ал байлықтың анасы ақша ғой. Бір дұшпанымды – осы ақша деп біліп, тиын қумаған едім. Тегінде,Тәңірі мені байлықтан құр алақан қылған емес еді, бірақ менің бағалы қазынам бұл күнде тобырлық мәдениеттің бәсі үстем шығу салдарынан құны арзан тартқан кеудемдегі ғапыл өнерім-ді һәм қолымдағы өзім сүйеніп күн кешкен көк сиясы – қанымдай қаламыммен, кеудеммен бірге қоңыр күмбірлеген шанағы баладай, мойны көк тіреген жалаулы найзадай киелі қара домбырам еді. Бұл әрине рухани байлық қой, ал дүнияуи байлық пен рухани байлық ежелден антагонист яғни ата жау. Сондықтан бұл екі байлық менің кеудеме әсте қатар сыйып көрген емес еді – Тәңірі әу баста көген бе, әлде өлең дегенде, әрине, екіншісін таңдағандықтан еді мұның сыры. Сөйтіп мен өнерді дүние ісінен биік қойдым. Дүниенің күллі байлығын жиса да, менің кеудемдегі титтейімнен тірнектеп жиған халық өнері деген ғажайып  қазынаға татымайды деп астам ой піштім, мұным әрине асылық болды Жоғарыда бармағымды тістеткізген осы жайт еді.
Сөйтсем боқ дүние қайтсе де сенен өшін алады екен, сол үшін сүрінер сәтіңді аңдып, бағып жүреді сірә,  Бұл жолы да осынау сын сәтте баспалап келіп, қапыда бас салғандай, әжуалап мазақ қылып, шайырды табалаған шайтандай сақ-сақ күлді. 
Осылайша, мал байлық өзінің алдында дәрменсіз екенімді қапылыста бетіме басты, бір сәт болса да өшін алғандай болды. Себебі ол кезде дүние дидарын көрмесем де,  көзімнің үстінде, қабақ астымда бір жолақ сәуле бар еді, сол сәуле мені жарық дүниемен жалғап тұрған жалғыз үміт ұшқыны еді. Мәскеулік дәрігерлер де сол жалғыз жолақ сәулемен көзіңізді көргізуге жол саламыз, егер жазатайым ол сәулеңіз өшіп қалса, онда келіп әуре болмай-ақ қойыңыз, біздің де қылар дәрменіміз жоқ деген еді.
Сондықтан мен үшін әр күн, тіпті әр сағат қымбат еді. Мәскеуге шұғыл аттануға жағдайым келмей жатты. Осы кезде маған айналайын халқым, Сіздер қол үшін бердіңіздер. Қазақтың қарлығаш қызы, өрелі өнерпазымыз әнші Роза Әлқожа бұл іске мұрындық болды. Мұның бар хикаясын Мәскеу сапары алдындағы видеожолдауларымда баян қылғанмын, оған куәсіздер, сондықтан қайта тоқталмай-ақ қояйын. Тек сол жолы көмек қолын созған баршаңызға тағы да шексіз ризашылығымды білдіремін! 
Әрине, бұл істен қазақтың қисапсыз бай олигархтары, нувориш байлары, өздерін қазақ өнерінің меценаты санап, жұртшылыққа жар сап, елден мақтан, сарт сауан фанерщик әншісымақтардан мадақ естіп, әкім қарадан мақтау қағаз жиып жүрген "атымтай жомарттар" тыс қалды. Бұл – шын өнердің иесі халық екенінің тағы бір жарқын дәлеліндей көрінді маған. Пролетариат көсемі Лениннің айтқаны бар еді: "Көркем өнер – халыктікі", – деп.  Осы рас сөз, негізі. Сол бір қарашаның сүреңсіз күндерінің бірінде алаштанушы ғалым Айгүл Ісмақова апайым менің хәлімді сұрап жұбайыма қоңырау шалып жатты. Жұбайым өзінің каспи голдына  Розаның жазбасын оқыған жұрттың қаржы аудара бастағанын, осылайша менің көзімнің дерті жалпақ жұртқа жария боп кеткенін, соңы мынандай қаржы жинауға ұласып  жатқанын жеткізіп, қынжылысын айтып бастап еді, Айгүл апай: "Сөзді қой, Ерланның көзі қазақтың көзі, халық өзі біледі", – деп тиып тастады. Міне, осындай көңіл толқытар сәттер көп болды көз үшін күрес кезінде.
Бұл жолы жанашырым мен сүйенішім һәм тілеуқорым халық қана екеніне және сол халықтың  ішінен шыққан есті азаматтар екендігіне көзім түбегейлі жетті. Есті азаматтар демекші, осы орайда  мен екі тұлғаның есімін ерекше атағым келеді. Олар: мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы мен ҚР Мәдениет және спорт министр Ақтоты Рахметоллақызы! Менің көз дертімнің негізгі салмағы осы екі ардақты асылға түсті. Ақтоты Рахметоллақызы осы айларда алдымнан сәт сайын кесе көлденең шыққан проблемаларды әсіресе Қазақстан мен Ресей арасындағы жол қатынасынан бастап, басқа да көптеген түйткілді мәселелерді кезек  күттірмей дереу шешумен болды. Ал Иманғали аға болса, Мәскеудегі ақырғы операциямның  қаржысын тік көтере төлеп беріп, ағалық қамқорлық танытты. Тәңірі жарылқасын Сіздерді – Иманғали аға, Ақтоты Рахметоллақызы! 
Айналайын халқым, сондықтан барлығы, мынау көзімнің көргені – бәрі, бәрі Сіздердің арқаларыңыз!  Бұл күндерді ешқашан ұмытпаймын. Сіздерге қарыздармын! Оны өнерім жеткенше, өмірім өшкенше өтеп кетуге тырысамын. Сол үшін келешекте халық өнері мен руханиятына басым жерге жеткенше қызмет ете бермекпін. Лайым соған жеткізсін!
Осымен доғарайын, көз дабыл қағып жатыр. Әзірше, көп қинауға болмайды. Баяғыдай ұзақ шабыстың дәурені өткен. Осы да дәтке қуат, дегенмен!»
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15