Мемлекет басшысының иммундық мәртебе туралы ақпараты бар QR-кодты енгізу мәселесін пысықтау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде және жүйелендірілген есепке алу мақсатында вакцинацияның электрон паспорты әзірленіп жатыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты. Вакцинация туралы деректер министрліктің ақпараттық жүйесінде электрон форматта жүргізіледі.
"Бұл вакцина алған адамдардың санын есепке алуға және вакцинация көлемін жоспарлау және сырқаттанушылықты болжау үшін болашақта халықтың иммундық мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Веб-қосымшада пациент пен медицина қызметкерінің m-gov мобильді қосымшасында ақпаратты қолмен енгізуге болады", - деді Марат Шоранов.