Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қарин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы саясаткер өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Ерлан Қаринге отандық QazCovid-in вакцинасы салынды. «Сонымен, бүгін QazCovidIn вакцинасы екінші рет егілді. Вакцинацияның талабына сәйкес екі рет егілу тиіс, яғни 21-22 күннен кейін», - деп жазды саясаткер. Президент көмекшісінің сөзінше, бұл иммунитетті күшейту үшін қажет. «Алдағы үш күн су тигізбеу керек, спортпен айналысуға болмайды», - дейді ол. Сондай-ақ Ерлан Қарин алғашқы вакцинациядан кейін ешқандай жағымсыз әсер сезбегенін атап өтті.
Басып шығару