Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өтетін күнді белгіледі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған Қаулыда.
Басып шығару