Mazir
06 янв 09:49korilim:1 246 Sayasat

«Рыжий Алмазды» өлтіруге қатысқан адам бар шындықты айтты


Тоқсанынша жылдары қазақ саудагерлерінің мүддесін қорғап, қара қылды қақ жарып билік айтуымен, таразыдан жеп, тиын істегендерді қатаң жазалайтын қаттылығымен аты шыққан Несіпбай Нәсеновтың Испаниядағы вилласында қаза тапқанын білмейтін кісі жоқ. Кім өлтірді? Қалай өлді? Оның бәрі әлі күнге дейін көпшілік үшін беймәлім.

Әлеуметтік желіде өзін бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстыратын аты-жөні белгісіз автордың жазбасы тарауда. Жазбаның толық нұсқасы төменде: 
«Шынымды айтсам, кезінде бұл ақпаратты толықтай жария ете алмадым, өйткені ол кезде мен «КНБ»-да (ҰҚК – Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті – Ред.) қызмет атқарушы едім.

Ұзамай ҰҚК органдарына Рахат Әлиев келісімен, талай жыл қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар қуыла бастады. Солардың ішінде мен де бармын. Ал комитет құрамын ауыздарынан ана сүті кетпеген, ешбір тәжірибесіз, үлбіреген «сары ауыз» жас балалар толықтырды. 

Енді, міне, Рахат Әлиев Венада «асылып өлді» деген хабардан соң, мен осы хатты жазуға бел будым. Ондағы мақсатым – өз көзіммен көрген-білгендерімді сіздермен бірге бөлісейін деген ой. Себебі кезінде менің де Рахат пен арнайы қызметтердің бірінде басшы болып отырған оның «жоғары жақтағы шатырының» тепкісін талай рет көріп, күйзеліске түскен шақтарым болған. Мен арнайы қызметтен кетсем де, офицер ретінде ант берген адаммын. Сондықтан органның қызметі мен құпиясына байланысты жағдайларды жаза алмаймын. Антты бұзуға болмайды. Ал газет бетінде жарияланған «Бандит» атанған қазақтар» деген мақалаға орай өзім куә болған жағдайды жазбауға болмас деген ойға келдім. Себебі бұл қазақ халқының мүддесіне байланысты мәселе еді. 1996 жылы арнайы қызмет басшыларының бірі Сергей Т. бізге – бірнеше офицерге «бір объектіні құрту» үшін нақты тапсырма берді. Оқиға Испанияда болды. Ол кезде ел арасына «Сары Алмас» деген атпен танылған Несіпбай Нәсенов елден қашып, баскілер елінен баспана тауып, сол жерде жүрген. «КНБ» төрағасының орынбасары Рахат Әлиевтің тапсырмасы деп, тікелей басшымыз Сергей Т. бізді «Сары Алмастың» артынан қуғыншы ретінде жіберді. Бірақ Испанияда полковник О. басқаратын тағы бір топ бар болып шықты. Сондықтан біз «Сары Алмасты» жою операциясына тікелей қатыса алмадық. Тек негізгі топты «қалқалаушы» рөл атқардық. Біз «Сары Алмастың» қайда жасырынып жүргенін дипломатиялық арна арқылы қызмет ететін агенттердің көмегімен анықтадық. Ал полковник О. басқарған топ ыңғайы келген сәтте оны қапыда қолға түсірді. Біз «объектіні» сырттан торушы топтың рөлін атқардық. Кейін полковник О.-ның тобында болған жігіттерден білгеніміздей, «Сары Алмастың» басына полиэтилен пакет кигізіп, тұншықтырып өлтіреді де, сенімділік үшін бір рет басынан атады. Ал кейіннен бұл топты кімдердің ұстап алғаны маған белгісіз: испандық полицейлер ме, әлде басқа қызмет орындары ма? Менің ойымша, олардың «Сары Алмастан» «кек қайтарушы» бандиттер ретінде қолға түсуіне «КНБ» басшылығы мүдделі болған сияқты. Олай болмаған жағдайда бөтен елде арнайы операция жасау фактісі халықаралық скандал тудырар еді. Сондықтан Рахат Әлиев полковник О.-ның тобын құрбандыққа шалған сияқты. Ал «Сары Алмасты» Испанияға қуып барып, өлтіру неге қажет болды? Себебі ол ел ішінде өте беделді авторитет еді. 

Мемлекеттік және үкіметтік орындар шеше алмаған кейбір ішкі кикілжіңдер мен мәселелерді «Сары Алмас» жалғыз өзі шешетін. Сондықтан билік басына ондай беделді авторитеттің болғаны қажет емес еді. Егер «Сары Алмас» өз нөкерлерін көтерер болса, оның соңынан халық еріп, мемлекеттік төңкеріс жасауы да мүмкін деп болжанды. Оның үстіне «Сары Алмастың» өзі шетелге қашып кетуге мәжбүр болса да, ол жетекшілік еткен топтар ел ішінде еркін әрекет етіп жүрген еді. Бір жағынан, осы топтар Рахат Әлиев басқарған мемлекеттік рэкеттің қызметіне кедергі болды. Рахат тартып алмақ болған әлдебір бизнес нысандарының иесі «Сары Алмастың» көмегіне сүйенетін. Оның тікелей араласуымен талай қазақ кәсіпкерлері өз бизнестерін сақтап қалғаны бүгінде көпшілікке белгілі болса керек. Мәселен, бірде біздің арнайы топ Ұ. деген бизнесменнің шырын құятын цехын тартып алу операциясына қатыстық. Ол операцияда болған барлық қызметкерлер Рахаттың әрекеті заңсыз екенін білдік, бірақ бұйрықты орындамауға болмайтын еді. Біз «маска-шоу» жасап, көрсетілген нысан ішінде тұрған кезімізде, Ұ.-ның шақыруымен «Сары Алмас» бастаған 5–6 жігіт келді. Сонда «Сары Алмас» біздің топтың жетекшісіне былай деп айтты: «Бейкүнә адамға қиянат жасамаңдар, егер райларыңнан қайтпайтын болсаңдар, біз Рахатқа қарсы «соғыс» ашамыз. Егер осы цех оған сондайлық қажет болып тұрса, өзіндік құнын төлесін. Мен бұл жағдайды өз бақылауымда ұстаймын, бастықтарыңа осыны айтып барыңдар!». Осыны айтты да, «Сары Алмас» нөкерлерін ертіп кете барды. Жағдайдың осылай болғанын, іске «Сары Алмас» араласқанын біз басшылыққа қаз-қалпында жеткіздік. Осыдан соң арада бір күн өтпей, мені тікелей басшым Сергей Т. шақырып алды да, қолыма полиэтилен пакетіне салынған үлкен түйіншек ұсынды. «Осыны бизнесмен Ұ.-ға апарып бер, цехты босатсын!» – деді. Мен бастығымның тапсырмасын айтқанындай орындадым. Цех иесі Ұ. пакетті ашып, ішіндегі ақшаны санағанда, оның 250 мың дойче-марка екенін көрдім. Әрине, ол бұл сомаға разы болған жоқ. «Менің шығыным 900 мың еді…» – деді. 

Бірақ сол күні-ақ шырын цехының меншік иесін Рахат Әлиев айтқан басқа адамның атына ауыстырып берді. Міне, осы оқиғалар туралы шындықты айту – менің азаматтық борышым деп санаймын. Оларды жасырып қалу – Несіпбай марқұмның аруағына қиянат болар еді…»
Басып шығару
buy generic lasuna - order diarex online order generic himcolin

brand besifloxacin - besivance tubes buy sildamax medication

buy neurontin 100mg online - gabapentin 100mg canada brand sulfasalazine 500 mg

benemid order online - benemid 500mg cost buy carbamazepine generic

buy mebeverine 135mg - mebeverine 135 mg sale purchase pletal generic

brand diclofenac 100mg - diclofenac brand oral aspirin 75mg

rumalaya oral - amitriptyline 10mg us endep pill

buy mestinon online cheap - order sumatriptan 25mg pill imuran 25mg drug

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15