Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты алматылықтарға үндеу жасады.
«Біз Алматы тұрғындарының парасаттылығына сенеміз. Алматы әрдайым елдің мәдени орталығы болды. Біз өсіп жатырмыз. Біздің пессимистік болжамымыз бойынша, желтоқсан айындағы ауру жағдайы 2200-ден асады. Еуропада, Ұлыбританияда, Испанияда, Италияда дәл соындай жағдай, вирус қорадан қуып жіберетін тауық емес, бұл вирус. Сондықтан алдын-ала ескертеміз. Жастар, ата-аналар мұны басшылыққа алады деп сенеміз. Ең қорқыныштысы, жастарда вирус симптомсыз түрде өтеді, бірақ олар әжелер мен аталарға жұқтырады. Егер біреу біздің кеңесімізді тыңдамаса, онда келесі жаңа жылды атасы мен әжесінсіз қарсы алуы мүмкін. Талаптар мен ұсыныстарды орындамаған адам кінәлі болады», - деді ол.