Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, белсенді қоғамдық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Павлодар облысы "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисі Мұрат Қайыргелдинге және Теміртау металлургия комбинатының атқарушы директоры Вадим Басинге берілді.
"Отан" орденімен "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы марапатталды.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Kazakhmys Holding ЖШС президенті Владимир Ким, BSB Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы ЖШС президенті Рашит Сарсенов;
Жәния Әубәкірова авторлық мектебінің директоры Жәния Әубәкірова І дәрежелі "Барыс" орденімен , ақын Шөмішбай Сариев, Алматы облысы "Хильниченко и К" коммандиттік серіктестігінің төрағасы Виктор Хильниченко; ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен жазушы, "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Әлібек Асқар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы орталықтың жетекшісі Әлия Бейсенова, Конституциялық Кеңес мүшесі Асхат Дауылбаев, Қызылорда қаласындағы "Болашақ" университетінің ғылыми басшысы Бақберген Досманбетов, Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед; ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев марапатталды.
Басып шығару