Mazir
03 дек 18:21korilim:777 Sayasat

Пернетақта талқыға түсті


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 3 желтоқсанда Орфографиялық, Техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жұмыс топтарының бірлескен онлайн отырысын өткізді.
Шараның басты мақсаты жетілдірілген әліпби әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібіне, қазақ ұлттық пернетақтасының лингвостатистикалық негіздеріне қатысты мәселелерді талқылап, бекітуге ұсынылатын пернетақта нұсқасын таңдау еді.  
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов өзінің кіріспе сөзінде аталмыш шараның Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 9 қарашасында берген тапсырмасына орай  ұйымдастырылып отырғанына тоқталды.  
«Жетілдірілген әліпби әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібін нақтылау қажет, сондай-ақ қазақ ұлттық пернетақтасының жобасын жасауда әріптер мен буындардың  қолданылу жиілігіне қатысты лингвостатистикалық мәселелерді осындай бірлескен отырыста талқылап отыру өте маңызды», – деді ол. 
Бұдан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айман Жаңабекова – «Қазақ ұлттық пернетақтасының  лингвостатистикалық негіздері», Техникалық және ақпараттық  сүйемелдеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, IT маманы Рымбек Ізғали – «Жетілдірілген қазақ әліпбиін пернетақтада орналастыру мәселелері» тақырыптары бойынша баяндама жасады. 
Бірлескен басқосу барысында жетілдірілген әліпбиге арналған пернетақта жобаларына байланысты әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылды. Бұл мәселе Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша құрылған төрт жұмыс тобының алдағы бірлескен отырысында жалғасын табатын болады.
Онлайн жиынды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек жүргізді.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15