Mazir
10 дек 10:00korilim:1 255 Sayasat

Студенттің стипендиясы да кіріс санатына қосылмақ


Енді осы бір келелі бастаманың кейбір келеңсіздіктерін атап өтейік. Соңғы жаңалықтарының бірі - жалпы кіріс есебіне студенттердің шәкіртақысын қоса есептеуі. 

Осы бастамаға жауапты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің пайымына көз жіберсек, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының кірісін есептеу барысында балаларға берілетін жәрдемақыға аса талапшыл болмаған абзал. Ал аталмыш министрліктің басшысы дүйсенбідегі үкімет отырысында қарама-қайшы пікір білдірді. 

"Шәкіртақы мен мүмкіндігі шектеулі балалардың жәрдемақысы туралы айтсақ... Бүгінде заңға сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалардың мемлекеттен алатын жәрдемақысы кіріс ретінде есептелмейді. Сондықтан, жаңа жылдан кейін де бұл талапты өзгертуге мен түпкілікті қарсымын. Бұл - ерекше санат, біз оған тиіспейміз", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ал көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан студенттердің шәкіртақысын кіріс санатына қоспақ. Бұған министр мырза "бақандай" екі уәж айтады. 

"Басқа қалада білім алып жатқан студент те отбасы мүшесіне саналады. Демек, бұл адамға да отбасы бюджетінен қаражат бөлінеді. Осындай жағдайларды ескере отырып, шәкіртақыны кіріс санатына қосуды дұрыс деп есептеймін. Салық кодексінің 160-бабына сәйкес стипендия туралы айтылады және оны кіріс деп санайды. Егер біз студентті отбасы мүшесі ретінде қарасақ, оның шәкіртақысын да кіріс деп санауымыз керек. Дегенмен, талқылауға, ойлануға мақұлмыз", - деді министр. 

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова министрдің бұл сөзіне қарсы екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, заңға сәйкес, үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап шәкіртақы кіріс санатына жатпайды. 

 "Болашақ" бағдарламасымен оқып жатқандардың шәкіртақысы туралы сөз бөлек. Олардың жалақысы да, стипендиясы да қатар жүреді. Ол көлемді кіріс болуы мүмкін. Ал жоғары оқу орындары мен орта техникалық білім беру орындарындағы студенттердің стипендиясы - жастарды қанаттандыру үшін жұмсалып жатқан ақша. Үлгерімі нашарлар стипендия алмайды, сәйкесінше, жақсы оқитындар ерекше санаттағы шәкіртақы алады. Сонда жақсы оқып, өз ақшасымен өзім қамтамасыз етіп жүрген отбасы стипендиядан қағылған студенттің отбасымен салыстырғанда, АӘК ала алмай, ауыздарын қу шөппен сүрту керек пе? Мен мұнымен келіспеймін, кейбір ауыстыруды қажет етпейтін дүниелер бар", - деді депутат. 

Былтыр қараша айында депутаттар студент шәкіртақысын кіріс санатына қоспауды ұсынған. Министрлік өз кезегінде бұл ұсынысқа қолдау білдірген-ді. Нілдей бұзылған көңіл-ай...
Басып шығару
where to buy lasuna without a prescription - buy himcolin cheap order himcolin generic

probenecid cost - order benemid 500mg sale carbamazepine 400mg pill

celecoxib pills - order indomethacin for sale order indocin 75mg generic

colospa canada - etoricoxib order online cilostazol 100 mg oral

purchase voltaren without prescription - buy diclofenac generic aspirin generic

rumalaya over the counter - purchase rumalaya elavil price

order mestinon generic - where to buy pyridostigmine without a prescription buy azathioprine sale

buy cheap generic voveran - nimodipine cost buy generic nimodipine online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15