Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифингте синтетикалық есірткі өндірумен айналысып келген жеті бірдеі ірі наркозертханалардың жолын кескенін мәлімдеді.
Полицияның басты күші бүгінде наркозертханаларды ұйымдастырушыларды құрықтап, есірткі тасымалдау каналдарын жабуға бағытталып отыр екен.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында осы мәселе бойынша 1 750 қылмыстық іс қозғалған, оның ішінде 1 082 іс тасымалдау бойынша. 22 тонна есірткі тәркіленсе, он 83 келісі синтетикалық есірткі екен. 3,5 мың наркосайттар аты жазылған граффитилер өшіріліп, есірткіні жарнамалаған 840 сайт бұғатталыпты.
«Жеті зертхана жабылып, 40 келі есірткі мен 140 литр қоспалар тәркіленді. Министрлік жоғарыда аталған қылмыстық істер бойынша қажетті шараларды қабылдады. Үкіметтің есірткі заттары туралы қаулысы нарықта пайда болып жатқан зиянды заттардың жаңа түрлеріне жедел шара қолдануға көмектесті», - деді министр.
Басып шығару