Тәжікстанның қазіргі президенті сайлауда 90 пайыз дауыс жинады.
Президенттікке бес үміткер болды, олардың барлығы саяси күштердің жетекшілері: қазіргі президент Рахмон (басқарушы халықтық-демократиялық партия), депутат Миродж Абдуллоев (коммунистік партия), депутат Рустам Латифзода (аграрлық партия), депутат Рустам Рахматзода (экономикалық реформа партиясы) және депутат Абдухалим Гаффорзода (Социалистік партия).
1992 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Рахмон үшін бұл бесінші сайлау. Сайлау барысын ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінің мүшелері қадағалады.
Басып шығару