Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың үкімімен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - делінген хабарламада.
Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген.
Банк академиясы колледжінің, Алматы экономика және статистика академиясының, Тұран университетінің түлегі.
Сондайқ-ақ қаржы, мұнай және мемлекеттік секторларда 15 жылдан астам жалпы жұмыс тәжірибесі бар.
Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс Банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалының есеп және есеп беру бөлімінің маманы болып бастаған.
Басып шығару