ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірауыздан қабылдаған «Мәдениет туралы заңға» енгізілген өзгерістер бойынша, қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді қабылдау және іріктеу ісі, баспа ісін қолдау мақсатындағы шараларды өткізу ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелді.
Заң жобасы кітапхана ісін, мәдени мекемелерді, шығармашылық одақтар мен баспа ісін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар Қазақстандағы барлық кітапханалар жүйесін цифрландыруға көмек беретін Қазақ Ұлттық электронды кітапханасын құру мәселесі де көтерілді.
Заң жобасындағы көрермендерді алдын-ала фонограммамен ән орындалатыны туралы ескерту міндеті – музыка орындаушыларының репертуарындағы сапа мен өзара бәсекелестікті арттырып, мәдениетті дамытуға жұмыс істейтін бастама.
Сондай-ақ, шығармашылық бастамаларды қолдайтын қорды құру мәселесі де қарастырылмақ. Осылайша ұлттық мәдениет пен өнерді азаматтық қоғам мүмкіндіктерін пайдалана отырып насихаттау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, заң жобасы авторлық құқық пен қоғамдық маңызы бар әдебиеттер авторларына берілетін қаламақыны төлеу уақытын және баспа ісін дамытуға жұмыс істейтін бірқатар құқықтық нормаларды қарастырады.
Басып шығару