Алматыда несиелік рақымшылық жасауды талап еткен митинг өтті.
Ұйымдастырушылар тіркелмеген Қазақстан Демократиялық партиясының жақтаушылары мен азаматтық белсенділер болды.
Митинг кезінде айтылған талаптардың ішінде несиелік рақымшылық және жерді шетелдіктерге беруге тыйым салу да бар. Наразылық білдірушілер қытай экспансиясына қарсы болып, қамауға алынған белсенділерді босатуды талап етті.
Митингке қатысушылар сонымен бірге Қазақстанның мемлекеттік әнұранын шырқап, қатысушылардың бірі домбыра тартты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға 300-ге жуық адам келген.
Бұған дейін Алматы әкімдігінің митингіні 13 қыркүйекте өткізуге келіскені хабарланған болатын. Митингке қатысушылар маска киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы керек.
Басып шығару