Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы өзгерістердің басты мақсаты заңның үстемдігін, әділеттілікті және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болуы керек.
«Кездесу барысында басты назар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың үш деңгейлі моделін қалыптастыруға аударылды. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл жүйе заңдылық пен әділеттілікке кепілдік берудің сенімді тетіктерін қалыптастыруға арналған.
Кездесуге Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, Президенттің көмекшісі Ерлан Карин, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қатысты.
Басып шығару