Мемлекет басшысы Нұрлан Нығматулинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мәжіліс депутаттарының соңғы бесінші сессия кезіндегі жұмысының нәтижелері туралы, аймақтарға сапарлары туралы, сондай-ақ алдағы парламенттік сессиядағы негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат берілді.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, депутаттар дәріханаларды, ауруханаларды аралап, дәрі-дәрмектердің қол жетімділігі мен олардың бағаларын бақылады.
Нығматулин 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы, пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға бағытталған заң жобалары бар екенін нақтылады.
Тоқаев депутаттық корпус жұмысының басымдығы Президенттің жолдауын және басқа да бастамаларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуі керек, деп атап өтті.
Басып шығару