Mazir
22 авг 21:30korilim:2 361 Sayasat / Qazaqstan

Болат Мүрсәлім: Қазақ ұлтшылдары мен қазақ коммунистері шекара мәселесінде ымыраға келді


Bairaq.kz  порталы 1920 жылы тамыз айында қазақ шекарасы турасында қабылданған декретке жүз жыл толуына орай материалдар мен сұхбаттар сериясының онкүндігін бастаған. Осы бастама аясында біз белгілі журналист, алаштанушы Болат Мүрсәліммен әңгімелестік. 
***
- Болат мырза, сұхбатымыздың негізгі тақырыбы – қазақ шекарасының айқындалуы, 1920 жылы Мәскеудегі жиында қазақ делегациясының тарихи ерлігі. Осы тақырып төңірегінде ой қозғасақ.
- Алашорда қайраткерлері 1919 жылдан бастап кеңестік билікпен келісімге келе бастады. Өйткені алашордашылар сүйенген ақгвардияшылардың большевиктік билікті жеңе алмайтыны айқындала бастаған. Сонымен қатар Колчак диктатурасының баяғы «монархия заманын реставрациялағаны» тағы бар. Қазақ автономиясы жолындағы күресті басқаша жалғастыру мәселесі күн тәртібіне қойылғанда, кеңестік билікпен мәмілеге келу жолы таңдалды. Ахмет Байтұрсынов Жангелдин екеуі Мәскеуге барып, Ленинмен кездесті. Байтұрсынов бар, басқа да алашордашылар бар, солардың бәріндегі түпкі ой – кеңестік билік жағдайында Қазақ автономиясын құру еді. 
Осы арада бұрынғы алашордашылардың қазақ большевиктерін қатыстыра отырып қол жеткізген бір ісі, бәлкім ұлы бір ісі – 1920 жылы Мәскеуде Калинин, Ленин және Енукидзе қол қойған декреттің жариялануына ықпал еткендігі. Тарихтан білеміз, өзін большевик, социалист санаған шаласауат азаматтардың ұлт автономиясы туралы ойы болмағаны айдан анық. Ал, Нұрғали Құлжанов сияқты алашордашылармен жауласқан азаматтар қазақтың дербес автономиясын мүлдем қарсы шыққан. 
- Дәл осы декрет кейін автономия құрылғанда да өзгере қойған жоқ. Бірақ кей тарихшылар, кей белсенділер қазақ шекарасының бекітілгеніне ғасыр толмады деп жүр. Сонда бұл құжаттың ұлықтауға тұрарлық маңызы, салмағы болмағаны ма?
- Меніңше, бұл декрет – сол кездегі кеңестік биліктің қазақ ұлтының (ол кезде «қырғыз» деп аталған) автономия алуға құқығын мойындағанының белгісі. Бұл – бір. Екінші жағынан қазақ халқының ғасырлар бойы ата-бабасы мекендеген жерге қазір де ие екенін, сол жердің шекарасын сызып алуға толық қақылы екенін ресми көрсетті. 
Қазақ халқының кір жуып, кіндік кескен жұртында автономия жариялау идеясының авторы – Әлихан Бөкейхан. 1917 жылы желтоқсанда Орынбор съезінде қабылданған қаулы сол идеяның айғағы. Қарап отырсаңыз, сол қаулы мен 1920 жылғы 26 тамызда қабылданған декреттің ұқсас тұсы көп. Әсіресе, қазақ автономиясы қандай аумақта құрылады деген мәселе бірін-бірі басқаша мәтінмен қайталап тұрғандай. Бұл Совет көсемдері қол қойған декреттің түп негізіне Алашорданың қаулысы алынғанын көрсетеді. 
Декретте Қазақ советтік социалистік республикасы Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарының, Астрахань губерниясындағы қазақтар мекендейтін аймақтардың (негізінен Бөкей елі), Закаспий аумағындағы қазақ болыстарының жерін қамтитыны жазылған. Ал сол уақытта Түркістан автономиясының қарамағындағы қазақтар қоныстанған облыстар мен уездер немесе болыстар ықтиярлы болған жағдайда Қазақ автономиясына қосылатыны айтылған. Ол кезде Сырдария мен Жетісу облысы, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы қазақ уездері және Әмудария бөліміндегі қазақтар мекендейтін жерлер Түркістанға қарап тұрған еді. Декретте олардың болашақта автономияға қосылуы мүмкін екені меңзелгенімен, қашан немесе қайтіп қосылатын әлі бұлдыр болатын. 1917 жылғы съезде де дәл осы Түркістан қазақтарының Алаш автономиясына қосылу-қосылмау мәселесі анық шешілмей, үлкен дау тудырып, автономия идеясына жарықшақ түскені белгілі. 
Иә, рас, бұл декрет қазақ шекарасын түгел анықтап берген жоқ. Бұл декрет бүгінгі көзбен қарағанда, автономия мәселесін жартылай ғана шешкендей көрінуі мүмкін. Бірақ, менің ойымша бұл декрет Ресеймен шекараны принципті түрде анықтаған, қазақтың ресейлік кеңістікте саяси субъект ойыншы екенін көрсеткен құжат. 
- 1920 жылғы жиынға Алаш арыстарының қатысу мәселесінде пікір алуандылығы бар. Мәселен, Тұрсын Жұртбай Әлихан Бөкейханов жиын болып жатқанда Әлімхан Ермековты күтіп жүрді деп айтады. Ара-жігін ажыратып берсеңіз. 
- Бұл деректі, Бөкейхановтың «Біздің Әлімханмен бес сағат сөйлесетін ұл орыстан да туған екен ғой» деген  сөзін көп тарихшы қолданады. Бірақ Бөкейхановтың Кремль маңында Ермековті күтіп жүрген шағы 1920 жыл болмауы мүмкін. Өйткені, Әлихан 1920 жылғы мамыр-тамыз айлары аралығында Мәскеуде болды деген бірде бір дерек жоқ. Бөкейханов ол уақытта Шыңғыстауда, бері дегенде Семейде бой тасалап жүрген сияқты. Оған тарихи дерек жоқ, бірақ бірнеше естелік бар. Сондықтан, бұл сөз басқа жылдарда, басқа жағдаятта айтылған болса керек.  Сонымен қатар, «Мұрт» не шешеді деп Әлекең Кремльде бәрін Лениннің кабинетіне бастап жүрді» деген әлде аңыз, әлде шын ауызекі әңгіме де бұл жылдарға тиесілі емес деп ойлаймын. 
Әрине, ұлт көсемі, «қазақ жерінің жоқшысы» (С.Аққұлының сөзі) Әлиханның автономия мен шекара мәселесін анықтаудағы орны зор. Бірақ бұл жобаны 1920 жылы жүзеге асыру жолында кеңестік билік өкілдерімен бір үстел басында отырып, бір жиынға бірге қатысып жүрген азаматтар – Әлекеңнің өзі емес, достары мен артынан ерген серіктері: Байтұрсынов, Ермеков, тағы басқалар. Мәселен, Әлімхан Ермеков автономия мен шекара мәселесі бойынша Мәскеуде бес ай бойы Бүкілодақтық атқару комитетінде, Ұлт істері жөніндегі комиссариатта, Ішкі істер комиссариатында, Халық комиссарлары кеңесінде, одан  басқа қаншама жиындар мен комиссияларда баяндама жасаған. Бұдан бөлек, Уәлитхан Танашев, Ережеп Итбаев, Мұхтар Әуезов, Сейдәзім Қадірбаев сияқты белді тұлғалар осы мәселені шешуге атсалысты. Ғұбайдолла Әлібеков, Әліби Жангелдин, Мұхамедияр Тұңғашин сияқты азаматтарды да осы қатарға қосуға болады. 
Автономия және шекара мәселесін шешуге Мәскеудегі кеңестік билік басшылығының да мүдделі болғанын айтуымыз керек. Қазақ делегациясының да еңбегі орасан зор. Айталық, Ахмет Байтұрсынов, Ғұбайдолла Әлібеков, Әлімхан Ермеков 1920 жылдың маусым айында 22 адамнан тұратын комиссия құру турал шешім шығарған. Оның құрамына экономистер, статистер, этнографтар, тарихшылар кіргенін жөн көріпті. Олар елдің географиялық ахуалын, тұрмысын, экономикасын, тарихы мен өмір салтын ескеріп, ғылыми негізді, түпкілікті жоба жасауға қажет еді. Өйткені, шекараның әр шақырымы Сібірревкомы, Түркістан, Астрахань, Челябі сияқты іргелес көршілермен талқыға түскен. 
Тарихшы Дина Аманжолова осы тақырыптағы тыңғылықты жазылған мақаласында қызықты бір дерек келтіреді. Ә.Ермеков қазақ автономиясының құрамына кіретін жердің ауданын 3 миллион 467 мың 922 шаршы верст деп есептепті. Бұл жерлерде 5 миллион 500 мың қазақ тұрады. «Қазақтар аталған территорияның 81 пайызына орналасқан. Бірақ бұл жерлердегі қазақ халқының үлесі – 54 пайыз» депті Ә.Ермеков. Бұл – Д.Аманжолованың еңбегінде келтірілген Ермеков баяндамасынан үзінді. Нақты сандар, нақты жоба. Қызық үшін кейін өзім де есептеп көрдім. Егер шаршы верстті шаршы шақырымға шақсақ, Қазақстанның қазіргі территориясы ол жердің 69 пайызын құрайды екен.  
 Тағы бір қызықты қараңыз. 1920 жылғы декретке Ленин, Калинин, Енукидзе қол қойғаны белгілі. Көбіне Енукидзе айтылмай қалады. Ал, сол декреттің түпнұсқасына Енукидзе ғана өзі жазып қол қойыпты. Ленин мен Калининнің қолы машинкамен басылыпты. 
- Тұрар Рысқұлов бастаған бір топ Түркістан автономиясын сақтап қалуға ұмтылды. Бұған не себеп болды?
- Енді мұндай идеялар көп қой. Ол кезде Түркі-Мұсылман жұртының бірлігі деген идея Ресейдің саяси аспанында қалықтап жүретін. Мұстафа Шоқай да Түркістан жұртшылығын бір шаңырақ астына біріктіруге ұмтылды. Башқұрт халқының көсемі Зәки Уәлидидің де Башқұрт-Қазақ республикасын құру туралы Ленинге ұсыныс жасағаны бар. Мұндай идеялар көп. 
- Біз осы тарихи датаға қаншалықты баға бере алдық? Ескерусіз қалып қойды деп ойламайсыз ба?
- Мен кеңестік билік кезінде бұл дата қалай ұлықталғанын білмеймін. Дегенмен, жүз жылдық тарихқа бір назар аударып, ұлт тұлғаларының тарихи ісін бір жаңғыртып қою артық етпейді деп ойлаймын. 
- Қазақ автономиясының астанасы Орынбор қаласы болып бекітіліп, арада ұзақ уақыт өтпей астананың Қызылордаға көшірілуінің себебі неде?
- Әу бастан қазақ зиялылары қазақ автономиясының астанасы Орынбор қаласы болғанын қаламады. Алашордашылар мен қазақ коммунистерінің ортақ идеясы – Орынбор қазақ астанасы болуға лайық емес деген ой. Олардың ойы қазақ астанасы киіз үйлі болса да қазақтың өз ішінде болуы керек дегенге саятын. 
- 1920 жылы мамыр-тамыз айларындағы жиындарда баяндама жасау үшін сақа саясаткерлер емес, 29 жастағы Әлімхан Ермеков неге таңдалды?
- Біріншіден, Ермеков патша тақтан құлаған Ақпан революциясынан кейін Әлихан Бөкейхановтың жанында жүрді. Тез ысылды, саяси пікірталаста тез өсті. 1919 жылы желтоқсан айында Семей қаласын большевиктер алғаннан кейін Әлімхан Ермеков олардың   Омбыдан, Сібірревкомынан келген басшысы Косаревпен келіссөзге барды. Сол уақытта Әлімхан Ермековты Сібір революциялық комитетіне қарап тұрған Ақмола және Семей облыстарын Қазревкомға қарату мәселесін көтеру үшін Орынборға іссапарға жібереді. Ол іссапардың аяғы Әлімханның Мәскеуге барып осы мәселені шешуіне ұласады. 
Неге Әлімхан? Өйткені, алашордашылардың бір бөлігі әлі ашық айқаста жүрген, бір бөлігі бой тасалап елде. Оған қоса, Әлімханның білім-білігі де ерек. Әлімхан Ермеков – 1917 жылдың күзінде Том қаласында Үкімет мүшесі деңгейінде, министр шенінде жүретін өкіл ретінде тағайындалған тұңғыш қазақ. Кейіннен, 1918 жылдың жазында Сібір үкіметімен келіссөздер жүргізіп, тәжірибе жинады. Оның орыс тілін, қазақ тарихын, статистиканы, математиканы жетік білуі осындай таңдауға әсер етсе керек. 
- Қазақ коммунистері шекара мәселесінде алашордашылардың әрекетіне кедергі келтіруге ұмтылды ма?
- Дәл сол 1920 жылы қазақ коммунистері шекара мәселесін анықтайтын кезде кедергі келтірген жоқ, керісінше бірлесе жұмыс істеді. Тіпті, 1917 жылы алашордашылармен әбден араз болған Әліби Жангелдин көп жиындарда Ахмет Байтұрсыновтармен бірге «мәскеулік» өкілдерге бірлесе тойтарыс берген. 
- Әңгімеңізге рахмет!
Басып шығару
purchase lasuna generic - order lasuna online order himcolin pill

order besifloxacin generic - carbocysteine over the counter buy sildamax pills

buy generic neurontin 600mg - order gabapentin without prescription order azulfidine 500 mg online cheap

celebrex online - urispas pills order indomethacin 75mg without prescription

voltaren 50mg us - generic cambia cost aspirin 75mg

cheap rumalaya for sale - elavil 10mg pill endep 10mg uk

pyridostigmine where to buy - pyridostigmine price azathioprine price

buy diclofenac paypal - nimodipine pill nimotop order online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15