Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.
Президент Сенат спикерімен Парламенттің жаңа сессиясын ашуға дайындық мәселелерін талқылады деп хабарлайды.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, саяси реформалардың пакеті парламенттік корпуспен толықтай заң жүзінде қамтамасыз етілді, мұқият зерделенгеннен кейін халықтың денсаулығы, мұғалім, ардагерлер мәртебесі туралы маңызды заңдар, сондай-ақ пандемия кезінде азаматтар мен бизнесті қолдауға қатысты түзетулер қабылданды. Алдағы сессия барысында Сенаттың қызметі Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму стратегиясын іске асыруға бағытталады.
Президент экономикалық өсуді қалпына келтіруге және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды сапалы және жедел түрде жүзеге асырудың қажеттілігін атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, Сенаттың қызметі әр заң жобасын мұқият зерделеу, сонымен қатар заңдар қабылдау кезінде мемлекеттің және ұлттық мүдделердің принципті ұстанымдарын қорғау.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бастамаларын заңнамалық тұрғыда шоғырландырудың маңыздылығына назар аударды, оның мақсаты жемқорлықты жою және халықтың мемлекеттік аппарат жұмысына сенімін арттыру болып табылады.
Басып шығару