ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 3-тамыз күні қандай нысандардың ашылуына рұқсат берілетіні туралы мәлімдеме жасады.
Халықтың қозғалысы үшін келесі талаптар сақталады:
- көшеде, жағалауда, саябақта 3 адамнан артық жиналмау;
- қоғамдық көлік жалпы сыйымдылығының 50 пайызымен жұмыс істейді;
Маскалық режим сақталып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланады.
Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерлердің (фудкорт, кинотеатр, банкет залы, клубтар, мейрамханалар) жұмысын жалғастыруына әзір рұқсат берілмейді. Бұл қатарға аквапарктерді, мұражайлар мен көрмелерді, жағажайларды қосуға болады.
«Ұсынылған шараларды нақты жүзеге асыру арқылы біз тек жағдайды тұрақтандырып қана қоймай, науқастар санының азаюына қол жеткіземіз. Сол себепті жасалған жұмысты мемлекеттік комиссияға өткізу үшін сіздің рұқсатыңызды сұраймын», - деді Цой Маминге.
Басып шығару