Әлеуметтік желіде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың құны 700 мың теңгеге жуықтайтын екі кофемашина сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады. Аталмыш құрал Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық базасының әлеуетін арттыруға қажет болыпты.
Күні кеше әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы коронавируспен күрес кезінде қайтыс болған дәрігерлердің отбасына миллион теңгеден қаражат берілді. Ал биылғы бюджеттен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің (оның ішінде Шымкент) қызметін қамтамасыз ету үшін 550 092 теңге бөлінсе, Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 473 095 теңге бөлінген. Бюджеттік бағдарлама бойынша қорытынды сумма – 1 023 187 теңге.
Ашық дереккөздерде Krups EA-9010 сауда белгісіндегі кофемашинаның екі данасын (647 990 теңгеден, Technodom.kz) Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Шымкент қаласы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық базасын кеңейту мақсатында сатып алынуы тиіс екені айтылған. Қос бірдей кофемашинаның жалпы құны – 1 295 980 теңге.
Жоспардың жыл басында бекітілгені белгілі. Арандатудан аулақпыз. Дегенмен, Әйтенов мырза азаматтық жасап, осындай ұсақ-түйектің қомақты қаражатына өкпені жасанды желдететін аппараттар сатып алып, адам өмірін құтқарар деген қоғам пікірі орынды секілді.
Дереккөз:
Әлеуметтік желідегі жазба
Басып шығару