Mazir
15 июл 11:43korilim:1 969 Sayasat / Qazaqstan

Ломтадзенің көмегі: Kaspi.kz мемлекетке 100 дана «Жедел жәрдем» көлігін береді


Kaspi.kz компаниясы мемлекетке пандемиямен күрес кезінде көмектесу мақсатында 100 дана «Жедел жәрдем» көлігін берді. Санитарлық автокөлік ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын сақтай отырып «СарыаркаАвтоПром» отандық өндірісінде құрастырылған. Моделі - Chevrolet Damas. 
«Біз барлық ауырлықтың денсаулық сақтау саласына түсіп отырғанын көріп отырмыз, сондықтан, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуді жөн санадық. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің автокөлік құрылымына қоятын талаптарын зерттеп, осы талаптарды отандық өндірушілерге жібердік. Бұл – автокөліктерді қысқа уақытта халық игілігіне пайдалануға мүмкіндік беретін ең дұрыс нұсқа», - деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе. 
«Біз мемлекетке қайтарымсыз 100 «Жедел жәрдем» көлігін береміз. Қазіргі уақытта бизнес пен мемлекет тізе қоса жұмыс істеуі керек. Біз «СарыаркаАвтоПром» көліктерін таңдап, оларға министрлік талаптарын қойдық. Қазір ел аумағында қолжетімді ресурстармен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким. 
«Kaspi.kz талаптарын сақтай отырып, біз жылдам жүретін, көлемі шағын автокөлікті таңдадық. Біз жағдайдың қиын екенін ескере отырып, тапсырысты мүмкіндігінше жылдам аяқтауға тырысамыз. Автокөлік науқастарды тасымалдауға қолайлы, ішінде қажетті жабдықтар қойылады», - деді «СарыаркаАвтоПром» директоры Сырым Семейбаев. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде күніне 26 мың қоңырау қабылдайтын 1 400 «Жедел жәрдем» бригадасы бар. Бұл – аталмыш қызметке түскен ауырлық.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15