Mazir
10 июл 18:50korilim:1 545 Sayasat

Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жасады: Өзіміз алған аппаратты өзіміз таратуға мүмкіндік беріңіз!


Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева президент Тоқаевқа ашық жазып, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Хатта айтыскер елдегі ауыр жағдайға алаңдап, халықтан ақша жинап, Түркиядан өкпені жасанды желдететін аппараттарын сатып алғандарын, енді оны нағыз мұқтаж сырқаттарға таратуға көмектесуін сұраған. 
«Қазақтың даласы қан сасып тұр. Адамдар шыбынша қырылып жатыр. Адамдар өз ажалынан емес, дәрінің жоқтығынан, жағдайдың жоқтығынан, апараттардың жоқтығынан, ауруханаларда орындардың жоқтығынан өліп жатқанын мойындауымыз керек! Қазаққа қастандық жасалды! Осы жағдай жүрегімізге батқан соң біз қоғам белсенділері қосылып халықтан ақша жинадық! Ақшаны жинап Түркия мемлекетінен 125 апаратты сатып алдық!
Бұл апараттар Қазақстанда 500-800 мың көлемінде сатылып та жатыр. Халықтың ондай қымбат апарат алатын жағдайы жоқ екенін менсіз де білетін шығарсыздар деп ойлаймын! Елшіліктің көмегімен шекара шығынынан да құтылғандай болып едік. Бірақ 125 апаратты, яғни 2 тонна жүкті тұтас жіберетін мүмкіндік жоқ екен! Ендігі жан айқайымыз мынау! Біздің тірнектеп жинап алған апараттарымызды Қазақстанға барған соң СК “ФАРМАЦЕВТИКА” деген мекеме қабылдап алады екен.. Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр! Себеп: осы уақытқа дейін шет елдерден келіп жатқан көмектердің жоқ болып кетуі! 
Сондықтан осы апараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жібертсе тұтас апаруға болады! Бізге әр минут қымбат! Әр адам қымбат! Әр апарат қымбат! Әр тиын қымбат! Мен Түркия мемлекетіндегі бір зауытпен сөйлесіп 2 аптада 500 апарат алатын болып келісім-шарт жасамақшы едім.. Зауыт келісімін берді! Ең арзан бағаға! Егер қоғам белсенділеріне апараттарды Қазақстанға жеткізуге көмектесіп, таратуға мүмкіндік берсеңіздер 2 аптаның ішінде 500 апараттың ақшасын жинап береміз. Бар мүмкіндікті пайдаланып қалайық», - деді “Айдың нұры” қорының жетекшісі, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15