Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің есебін тыңдады.
Үкімет пен аймақ басшыларына пандемияның таралуын шектеу, азаматтарды сынақтан өткізу, медицина қызметкерлерін жан-жақты қолдау, коронавирус жұқтырғандарға көмек көрсету бойынша шұғыл әрі дұрыс шаралар қолдану тапсырмасы берілді.
Мемлекет басшысының айтуынша, халық денсаулығын қорғап, тоқтаусыз жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне материалдық және моральдық қолдау көрсетілуі керек. Сондай-ақ, аймақ басшылары азаматтарға карантин талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге міндетті.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың құлдырауына жол бермеу, ауыл шаруашылығы мен өндірісті тұрақты ұстау, азаматтардың талаптарын орындау негізінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Басып шығару