Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің қазіргі жұмысы мен міндеттері туралы министр баяндамасын тыңдады.
Мемлекет басшысы азаматтық қоғамның дамуы мен антикризистік шаралардың жүзеге асырылуына көңіл бөлуге мән берді. Сондай-ақ, халықпен кері байланысты дамыту, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды жандандыру мәселелері қозғалды.
Президентке жақында құрылған Этносаралық қарым-қатынасты дамыту комитеті мен Этносаяси құндылықтарды зерттеу жөніндегі институттың міндеттері жөнінде ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық саясат пен қоғамдық даму шеңберіндегі жұмысты күшейтуге нақты тапсырмалар берді.
Басып шығару