ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин күнделікті қажет болатын азық-түлік бағасының өскені туралы мәмлімдеді.
«Маусымаралық кезеңде бірқатар азық-түліктің бағсы қымбаттап кетті. Статистикаға сенсек, 17-наурыз бен 7-сәуір аралығында азық-түліктің бағасы 4,2 пайызға өскен. Кейбір саудагерлер ТЖ режимін пайдаланып қалуға тырысуда. Мемлекет бұл іске араласып, орта баға бекітіп берді», - деді Мамин.
Оның айтуынша, бұл жағдай қазіргі жүйені халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарсыз екенін көрсетеді.
«Осы ретте біз халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне өтіп, бағаны қатаң бақылауға алуымыз керек. Үкімет ұлттық тауар айналым желісін құруды – көтерме/бөлшек сауда кешендерін құруды дұрыс деп санайды. Менің бұйрығыммен Сауда министрі Бақыт Сұлтанов бірнеше елде болып, олардың тәжірибесін көріп келді. Енді осы тәжірибені іске асыру керек», - деді премьер-министр.