25 ақпан күні Мәскеуде ауыр және ұзаққа созылған ауру салдарынан 96 жастағы Кеңес Одағының Маршалы Дмитрий Тимофеевич Язов дүниеден өтті, деп хабарлады Ресейдің Қорғаныс министрлігі.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1942 жылдың шілдесінен 1945 жылдың мамырына дейін Язов Волхов және Ленинград майдандарында взвод командирі болды.
1987 жылдың мамырынан 1991 жылдың тамызына дейін Язов КСРО Қорғаныс министрі болды. Оның басшылығымен Қарулы Күштердің жауынгерлік тиімділігін арттыру, сондай-ақ Ауғанстаннан әскерлерді ұйымдасқан түрде шығару бойынша көптеген жұмыстар атқарылды.