6-маусым күні заңсыз митингіге қатысып, алты полицейді ұрып жыққан азаматтық белсенді Асия Тулесова тарапына жаза тағайындалды.
Сот Тулесованы билік өкілін балағаттағаны үшін және қол көтергені үшін кінәлі деп шешті. Айыпталушы 20 АЕК көлемінде (55 мың теңге) айыппұл төлейді. Сонымен қатар құқық бұзған әрекеті үшін 1,5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Асия Тулесова 8-маусым күні Алматыдағы тергеу изоляторына қамалған. Тергеу нәтижесінде Тулесованың алты бірдей полиция қызметкеріне күш қолданғаны расталыпты. «Билік өкілін балағаттағаны үшін» және «Билік өкіліне күш қолданғаны үшін» айыпталған Тулесоваға қатысты прокурор соттан бір жыл бас бостандығынан айыру және 230 мың теңге көлеміндегі айыппұл тағайындау жазасын сұрады.
Басып шығару