ПАВЛОДАР. ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ. BAIRAQ.KZ - Аудан әкімдігінен хабарлағандай, бұлан шамамен 3-5 жасарлық. Жабайы жануардың өлексесі Галкин ауылдық округінің аумағында орналасқан Сейтен тұзды көлінің жағасында жатқан. - Сыртқы зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, - деп хабарлады аудандық ветеринария бөлімі басшысының м.а. Сержан Қапкенов. - Көзбен шолып қарау кезінде жануардың 5-7 күн бұрын өлгені анықталды, себебі тексерген кезде іші ісіп кеткен. Дегенмен мамандар жануардың тұзды судан улануы мүмкін екенін де айтады. - Бәлкім, жас бұлан Сейтен көлінен су ішкен кезде тұзды су ішектің шырышты қабығы мен асқазанын күйдіріп жіберген, - деп санайды Сержан Қапкенов. – Тұзды су жануардың асқазанына түскеннен кейін шамамен жарты сағаттан кейін өлген. Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша, атыс қаруы мен іздер, жаралар, сондай-ақ тері жамылғысының көзге көрінетін зақымдары анықталмаған. Бұланның өліп қалуы соңғы бес жылда Шарбақты ауданында алғашқы рет тіркелген. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметтері бойынша өңірде 170-ке жуық бұлан мекендейді. Оның 150-і Шарбақты және Аққулы аудандарында кездеседі.
Фото: Шарбақты ауданының әкімдігі
Басып шығару