АҚТӨБЕ. BAIRAQ.KZ-Танымал журналист Ұзақбай Қауыс - 70 жаста. Бүгін "Жұбановтар әлемінде" қаламы жүйрік, сөзі өткір ардагер әріптесті мерейтойымен замандастары, шәкірттері құттықтап, сый-сияпат жасады. "Қаламы қанат бітірген" кешінде жергілікті өнерпаздар ән-биден тарту жасады. 70 жасында Ұзақбай Қауыс "Қазақ журналистикасының ардагері" атанды. Мерейтой иесінің омырауына осы төсбелгіні "Ақтөбе-Медиа" серіктестігінің директоры Раукен Отыншин тақты. Сонымен қатар, ол облыс әкімінің құттықтау хаты мен сыйын табыс етті. Ұзақбай Қауыс журналистік еңбек жолын Мұғалжар аудандық "Еңбек таңы" газетінен бастайды. Туған жері Шалқарда ол кезде өзі секілді жас мамандар жеткілікті болатын. Мұғалжар басылымы оның қаламын ұштап, шыңдайды. Ардагер үшін туған жердің перзенті болып қалу маңызды.Мерейтой кешінде замандастары мен әріптестері Ұзақбай Қауыс туралы жылы лебіздер мен ескірмеген естеліктерді сөз етті. Сонымен қатар, балалары да әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды деп сыр бөлісті.Осы кеште Ұзақбай Қауыстың жеке шығармалары көрмеден орын тапты. Ол бірнеше тарихи кітаптардың авторы.