ПАВЛОДАР. BAIRAQ.KZ -Баянауыл ауданындағы тұтану аумағы 70 гектарды қамтыды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі.
Облысы ТЖ департаментінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлағандай, қазіргі уақытта орман шаруашылығы қызметкерлерінің күшімен бақылау жүргізіліп, кезекшілік ұйымдастырылды. - Өрт орнында Павлодар облысының құтқарушылары, Өскемен қаласынан Қазавиаорманқорғау, Көкшетау Қазавиақұтқару, жалпы саны 101 адам және 17 бірлік техника, оның ішінде МИ-8 және МИ-26 тікұшақтары жұмыс істеді, - деп хабарлайды ТЖ департаментінің өкілдері.
Басып шығару