BAIRAQ.KZ - Бейнеу станциясына теміржол вокзалы қажет. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Бейнеу вокзалы бүгінде ешбір талапқа сай емес. Кезінде 50 адамға арналып салынған нысанға қазір тәулігіне мыңға жуық жолаушы келеді. Аптап ыстық пен аязды күндері алыс сапарға шыққан жұрт жазда көлеңке, қыста жылы жер іздеп әбігерге түседі.
Басып шығару