Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов облыс басшысы Серікбай Тұрымовтан қала флорасының мүшкіл жағдайы үшін қатаң сөгіс алды.
Облыс басшысы уақытылы отырғызылмаған ағаштар үшін қала әкіміне жаза қолданған. Сондай-ақ, аймақтағы ағаштарды суару мәселесі де кешеуілдеп қалыпты. Осының барлығы ақтаулық флораның мүшкіл халге түсуіне себеп болған.
Серікбай Тұрымовтың айтуынша, облыс әкімінің бұйрығы мен тікелей міндеттері қажетті деңгейде орындалмай келеді.
Сондай-ақ, аймақтағы кемшіліктер үшін Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қашақов және ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серік Қалдыгүл жазаланды.
Басып шығару