Түркістан облысының Мақтаарал ауданына қарасты ауылдарынан миллион куб иетр су тартылды. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Комитеттің мәліметіне сүйенсек, бір тәулік ішінде су астында қалған ауылдар аумағынан 1,5 миллион куб метр су тартылды. Ал барлығы 4,5 миллион куб метр су тазартылыпты. Уақытша бөгет ұзындығы 21 шақырымға созылған. 86 мың топырақ толтырылған қаптар бөгеттің беріктігін қамтамасыз етіп тұр.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары Фирдоуси, Жеңіс ауылдарының тұрғындарымен әңгімелесті. Жедел желінің телефонына түрлі сұрақтармен 150 қоңырау келіп түскен.
Жаңа Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 4 блок-бекет қойылған.
Қазір Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін, апат салдарымен күресу үшін Өзбекстанның Төтенше жағдай министрлігінің 205 қызметкері, 38 техникасы мен су тартатын 85 техникасы жұмылдырылған.
Басып шығару