Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы кеше коронавирустан қаза тапқан 64 жастағы қазақстандық туралы толық ақпаратты жариялады.
«Өлім себебі – екі жақты пневмония, ауа жетіспеушілігі, қант диабеті, созылмалы ауруларының асқынуы. Пневмонияның себебі – коронавирус. Азаматша медициналық орталыққа 25-наурыз күні жедел жәрдем арқылы келді. Жағдайы ауыр еді, ауа жетпей жатты. Коронавирусқа күдікті ретінде дереу оқшауланды», - деді Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сулен Ілиясов.
Оның айтуынша, туыстары азаматшаның созылмалы аурулары байқалмаған, шетелге де шықпапты. 13-17 наурыз аралығында Алматы және Шу қалаларында қонақта болған. Қайтыс болған науқаспен қарым-қатынаста болғандар оқшауланып, қажет шаралар қолданылуда.
Басып шығару