АҚТӨБЕ. Bairaq.kz - Ақтөбеге келген Димаш Құдайберген екі қолынан айырылған Дамир Фактулинмен кездесті, деп хабарлайды
ҚазАқпарат агенттігіне cілтеме жасап. Шалқар ауданындағы мектеп ауласында ойнап жүріп, трансформатордағы тоққа түсіп қалған Дамир Фактулин екі қолынан айырылған болатын. Бүгін оның армандарының бірі орындалып, Димаш Құдайбергенмен кездесті. «Ұлым Дамир өте қуанышты. Ол бүгін Димашпен түскі ас ішіп, кешке де бірге болады екен. Сыйлық та берді. Дамир Димаштың әндерін тыңдайды, кездесу арманы еді», - деді Дамирдің анасы Гүлмира Фактулина. Анасының айтуынша, ол кездесуге екі ұлын жіберген.
Басып шығару