Германияда дәстүрлі Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Осымен 74-ші рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңке қазан айының 23-не дейін жалғасады. Пандемияға байланысты екі жылдық шектеуден кейін жалғасын тапқан кітап жәрмеңкесі осы жолы еш шектеусіз өтуде. Оған әлемнің 100-ге жуық елі қатысуда. Айтак кетейік, екі жылдық пандемиядан кейін кітап жәрмеңкесінде ерекшелік көп. Өйткені, әрбір кітап жәрмеңкесі басқалардан ерекшеленіп тұратыны сөзсіз.
Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесінің әр күні қызықты әрі мазмұнды оқиғаларға толы болмақ, Мәселен, бүгін Нир Зихерман (Spotify аудиокітаптарының вице-президенті және жаһандық басшысы) Франкфурт студиясында Spotify аудиокітаптарының жаңа бөлімшесінің көзқарасы туралы әңгімелейді. Publishing perspectives форумында Дженс Клингельхефер (Bookwire бас директоры), Натан Халл (Beat technology стратегиясының директоры) және Ама Дадсон (AkooBooks Audio бас директоры) аудио басылымдардың бөлшек сауда саласындағы соңғы оқиғаларын талқылайды.
Естеріңізге салайық, Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесіне қазақстандық делегация да қатысып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, сапар барысында халықаралық баспалармен кездесулер өтіп, әдеби аударма ісі бойынша тәжірибе алмасу мәселесі қаралды. «Оның ішінде қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларын әлемнің танымал тілдеріне аударып, ұлт әдебиетін халықаралық деңгейде насихаттау жүйесін қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілді. Биылғы жылы Франкфурт кітап жәрмеңкесі (Frankfurter Buchmesse 2022) аударма тақырыбына көптеген аспектілері бойынша назар аударуда: шет ел тілдеріне аударма ісінің ерекшеліктері, бұқаралық ақпарат құралдарының нысандары және оның контекстері, сондай-ақ мәдениетаралық түсіністікте аударманың рөлі және байланысы тақырыбы кеңінен талқылануда», - дейді ол.
«Frankfurter Buchmesse» халықаралық кітап жәрмеңкесі – әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесінің бірі саналады. Бұл шара жыл сайын қазан айының ортасында өткізіледі. Мұнда жиналған баспа ісі нарығындағы тың дүниелермен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алады. Басып шығару